Отынды әдетте қалай ұрлайды

Схемалар көп емес, олардың барлығы дерлік автопарк иелеріне бұрыннан таныс:

  • Тұрақта бактан ағызу. Түнде базада немесе жүргізушінің ауласында, шлангпен немесе ағызу тығыны арқылы.
  • ЖҚС-та толық құймау. Чек бойынша 300 литр, бакқа 240 литр түскен. Қалғаны — канистрлерге немесе көрші көлікке.
  • Отын картасымен «бөгде» көлікке құю. Карта сіздікі, ал бак сіздікі емес.
  • Рейстегі қысқа аялдамаларда ағызу. Жол жиегінде бес минут — және минус 40 литр.

Алғашқы екі схеманы және соңғысын датчик тікелей көреді. Үшіншісін анықтауға салыстыру көмектеседі, ол туралы төменде.

Бактағы датчик нені көрсетеді

Датчикті орнатып, баптағаннан кейін Wialon-да үш нәрсе пайда болады, датчикті солар үшін қояды.

Ағызулар. Уақыты, картадағы орны, қанша литр кеткені. Телефонға хабарламаны қосуға болады, сонда көлік әлі сол жерде тұрғанда ағызу туралы білесіз.

Құюлар. Бакқа нақты қанша отын түскені. Бұл санды чекпен салыстыру ыңғайлы: чек бойынша 300 литр, ал датчик 240 литр санаса, жүргізушіге сұрақ өзінен-өзі туындайды.

Шығын. Жүк көліктері үшін 100 км-ге литр, арнайы техника үшін мотосағатқа литр. Бұл көліктің паспортындағы норма емес, нақты көрсеткіш.

Датчик нені көрмейді

Датчик тек бакта болып жатқанды ғана біледі. Отынға картамен төленсе, бірақ ол бакқа түспесе (канистрге немесе басқа көлікке құйылса), бакта ешқандай оқиға болмайды. Мұны үш санды салыстыру арқылы ұстау керек:

  1. Чек немесе отын картасы бойынша үзінді көшірме: қанша төленді, қайда және қашан.
  2. Датчик бойынша құю: бакқа қанша түсті.
  3. Көліктің трегі: ол осы уақытта осы ЖҚС-та болды ма.

Көлік ЖҚС жанында тұрса, ал датчик бойынша құю болмаса немесе ол чектен едәуір аз болса, бұл әңгімеге себеп. Wialon-да мұндай салыстыруды әр чек бойынша жеке емес, апталық есеп бойынша жасауға болады.

Датчик деңгейді литрге қалай айналдырады

Отын багы сирек тегіс қорап болады: бір жерінде қалқалар, бір жерінде көлбеу жақтар, бір жерінде дөңгелектенген бұрыштар бар. Датчик отынның биіктігін өлшейді, ал литр «деңгей → көлем» кестесінен шығады. Кесте дәл болмаса, бактың тар және кең бөлігіндегі 1 сантиметр деңгей бірдей «литр» береді, ал есеп жалған ағызулар мен құюларды көрсете бастайды.

Біз бұл кестені бакқа құйып тарировкалаусыз құрамыз:

  1. Датчикті орнату кезінде бактың геометриясын өлшейміз.
  2. Осы өлшемдер бойынша жасанды интеллект көмегімен кестені есептейміз — бактың пішіні мен датчиктің ұзындығын ескере отырып.
  3. Чектер бойынша нақтылаймыз. Сіз құю чектерін жібересіз, біз оларды датчик көрсеткіштерімен салыстырып, кестені онлайн түзетеміз, көлікке шықпай және оны тоқтатпай. Сенімді тексеру үшін кемінде үш чек керек.

Нәтиже сізді қанағаттандырмаса, бакты Ақтөбе, Шымкент немесе Оралдағы сервис орталығымызда классикалық тәсілмен — құйып тарировкалауға болады.

Сымды немесе сымсыз датчик

Екі түрін де орнатамыз, таңдау сізде. Техникаға сымсыз датчикті ұсынамыз.

Сымсыз (BLE) деректерді трекерге Bluetooth арқылы береді. Бактан рама арқылы кабинаға кабель тартудың қажеті жоқ: монтаж жылдамырақ, үйкеліп немесе үзіліп кететін ештеңе жоқ. Кірістірілген батареядан жұмыс істейді. Оған қызмет көрсету және диагностикалау оңай әрі арзан: датчиктің күйі, батарея заряды және сигнал деңгейі Wialon-да қашықтан көрінеді.

Сымды (RS-485) трекерге кабельмен қосылады және борттық желіден қоректенеді. Стационар нысандарға жақсы — отын сыйымдылықтары, дизель-генераторлар, ЖЖМ қоймасындағы резервуарлар, онда кабель қозғалмай жатады және оған ештеңе қауіп төндірмейді. Көлікке сымды датчик керек болса, оны да орнатамыз.

Модельдер — отын датчиктерінің каталогында.

Бакқа екінші датчик қашан керек

Әдетте бір датчикті бактың ортасына жақын қоямыз. Бірақ көлік ауыр жағдайда жұмыс істесе — асулардан өтсе, шұңқырлы жолмен жүрсе, ұзақ өрлер мен еңістерде жүрсе, — ұзын бактағы отын бір шетінен екінші шетіне ауып тұрады. Мұндай сәтте бір датчик деңгейдің бірде күрт төмендеуін, бірде өсуін көреді, ал есепте жалған ағызулар мен құюлар пайда болады.

Бак 1,8 метрден ұзын болса, мұндай техникаға бактың шеттеріне екі датчик қойған дұрыс. Жүйе екі көрсеткіштің орташасын алады: отын бір шетке ауғанда, екінші датчик оны теңестіреді, ал жалған ағызулар мен құюлар жоғалады. Екінші датчик қосымша шығын талап етеді, бірақ бұл шығын қайтады: жалған дабылдарды талдауға уақыт жұмсамайсыз және жүргізушілерге бекер күдіктенбейсіз.

Ағызулар басталып кетсе, не істеу керек

  • Wialon-да ағызулар туралы хабарламаларды қосыңыз, сонда олар туралы ай соңында емес, сол сәтте білесіз.
  • Аптасына бір рет бүкіл автопарк бойынша «Құюлар мен ағызулар» есебін қараңыз. Оқиғалары қайталанатын көліктер бірден көрінеді.
  • Датчик бойынша құюларды чектермен кем дегенде іріктеп салыстырыңыз.
  • Ағызу бір орында қайталанса, бұл орын картада көрінеді.

Қанша тұрады

  • Орнатумен және баптаумен бірге отын деңгейі датчигі — бір бакқа 51 900 ₸.
  • «Топливо 360» пакеті: GPS-трекер, датчик, орнату және 12 ай бақылау — 99 900 ₸.

Бағалар ҚҚС-пен. Жүйе туралы толығырақ — «Отын бақылауы» бетінде.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағызуды тек GPS-трекер арқылы көруге бола ма?

Жоқ. Бактағы датчиксіз трекер отын деңгейін білмейді. Кейде шығынды көліктің CAN-шинасынан алады, бірақ CAN бактан қанша отын ағызылғанын емес, қозғалтқыштың қанша жаққанын көрсетеді.

Көлік шұңқырлы жолмен жүргенде датчик жалған ағызу көрсете ме?

Бактағы отын шайқалады, сондықтан Wialon көрсеткіштерді тегістейді және жүріс кезіндегі ауытқуларды ағызу деп санамайды. Орнатудан кейінгі дұрыс баптау дәл осы үшін керек.

Ағызу туралы қаншалықты тез білемін?

Хабарлама қосулы болса — трекер байланыста болған жағдайда, оқиғадан кейін бірнеше минут ішінде.

Жүргізуші датчикті өшіре ала ма?

Бактағы датчик пломбаланады. Ол деректерді беруді тоқтатса, бұл Wialon-да көрінеді: көрсеткіштер жоғалады және бұл есепте байқалады.